Сандық геометрия
Геометрияны түсінуге, зерттеуге, модельдеуге және дәлелдеуге бағытталған интерактивті білім беру платформасы.
Сайттың тұжырымдамасы
«Цифрлық геометрия» — геометрияны оқытуға арналған авторлық цифрлық білім беру ортасы. Платформада теориялық материалдар, практикалық есептер, интерактивті модельдер, олимпиадалық тапсырмалар және білімді бағалау құралдары бір жүйеге біріктірілген.
Сайттың негізгі ерекшелігі — геометриялық ұғымдарды тек дайын күйінде ұсынбай, оларды сызба, динамикалық модель және практикалық тапсырма арқылы зерттеуге мүмкіндік беру.
Оқушы геометриялық нысанды көріп қана қоймай, оны өзгертіп, зерттеп, заңдылықты анықтап, математикалық қорытынды жасауға мүмкіндік алады.
Платформаның мақсаты
Оқушылардың геометриялық ойлауын, кеңістіктік елестетуін, зерттеушілік және математикалық дәлелдеу дағдыларын цифрлық құралдар арқылы дамыту.
Кімдерге арналған?
7–9 сынып оқушыларына, математика пәні мұғалімдеріне және геометрияны тереңдетіп оқитын білім алушыларға.
Платформаның негізгі бөлімдері
Оқу мазмұны мен цифрлық құралдар өзара байланысқан алты негізгі модульге біріктірілген.
Планиметрия
Теориялық материалдар, анықтамалар мен теоремалар, дайын сызбалар бойынша есептер және GeoGebra интерактивті модельдері.
Салу есептері
Геометриялық салудың негізгі 11 тірек есебі, салу алгоритмдері және олар негізінде құрастырылған мысалдар.
Өзіңді тексер
Бөлім бойынша білімді тексеруге арналған онлайн-тесттер. Нәтижені оқушының және мұғалімнің электрондық поштасына жіберу мүмкіндігі бар.
Олимпиадалық бұрыш
Олимпиадалық деңгейдегі есептер және олардың GeoGebra ортасында көрнекі түрде зерттеліп, шешілу жолдары.
Оқуға құштар мектеп
Көркем әдебиеттен алынған үзінділер негізінде дайындалған қызықты геометриялық тапсырмалар. Математиканы әдебиетпен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Кері байланыс
QR-код арқылы оқушылардың пікірін анонимді түрде онлайн қабылдайтын интерактивті тақта. Тіркеусіз пайдалануға болады және әр сабаққа қайта іске қосылады.
Оқу әрекетінің цифрлық логикасы
Платформаның ерекшеліктері
Интерактивтілік
Динамикалық модельдермен жұмыс істеу.
Зерттеушілік
Геометриялық заңдылықтарды өз бетінше анықтау.
Өзіндік бақылау
Онлайн тест арқылы білім нәтижесін тексеру.
Практикалық бағыт
Білімді есептер мен нақты оқу әрекеті арқылы қолдану.
Цифрлық геометрия — біртұтас оқу ортасы
Платформа геометриялық білімді ұсыну, зерттеу, қолдану, тексеру және кері байланыс алу үдерістерін бір цифрлық ортада біріктіреді. Оның мазмұны оқушының дайын ақпаратты қабылдауынан зерттеу мен математикалық ойлауға қарай біртіндеп өтуіне бағытталған.